#возврат потребителям защита прав потребителей

Өткен аптада 16 млн. теңге сомасына қазақстандықтардың құқықтары қорғалды
Өткен аптада 16 млн. теңге сомасына қазақстандықтардың құқықтары қорғалды

      2023 жылғы 13-17 қараша аралығында тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне және сауда министрлігінің аумақтық департаменттеріне 691 өтініш түсті. Олардың ішінде:

- 242 өтініш бойынша құқықтық көмек көрсетілді;

- 212 өтініш бойынша қанағаттанарлық шешімдер қабылданды

- 84 өтініш бірлескен жұмыс жүргізу үшін бейінді министрліктер мен құзыреті жөніндегі комитеттерге жіберілді;

- және басқа;

    Өткен 5 жұмыс күні ішінде тұтынушылардың құқықтары 16 млн. теңгеге қорғалды. Бұл ретте 9 өтініш тексеру жүргізумен қаралды, 17 ескерту салынды, ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы қайта бұзған кезде.

     Шымкент тұрғыны кәсіпкерден өз үйін салу үшін 12 тонна арматура сатып алды, бірақ сатушы Қытайда өндірілген арматураны сапасыз сатқан.Сатушы сапасыз құрылыс материалдарын сатқанын мойындады, бірақ сатып алушыға ақшаны қайтарудан бас тартты. Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің қатысуымен жәбірленуші тұрғынға сотқа дейінгі талап-арыз жазу бойынша құқықтық көмек көрсетілді және тұтынушыға 3 млн.теңге қайтарылды.

     Алматы қаласында жеке кәсіпкер сапасыз қызметтері үшін ақшаны қайтарудан бас тартты. Шұғыл құқықтық көмек көрсетудің арқасында сотқа дейінгі шағым жасау жөніндегі аумақтық департамент алматылыққа 1,5 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражатын қайтарып берді .

     Сипаттамаға сәйкес келмейтін массаж шапандарын сату жағдайлары Жамбыл облысы, Алматы қаласында болды. Департаменттердің көмегімен тұтынушыларға шамамен 3,3 млн. теңге қайтарылды.

     Қостанай облысында екі тұтынушыға сапасыз телефондар сатылды зардап шеккен тұтынушылар ақшаны қайтара алмады. Аумақтық департаменттің көмегімен сотқа дейінгі талап-арыз бойынша құқықтық көмек көрсетілді, тұтынушыларға 1,5 млн.теңге қайтарылды.

     Ақмола облысында, Павлодар облысында, Алматы облысында, Атырау облысында тиісті және тиісті емес сападағы тауарлар үшін ақша қаражатын айырбастаудан және қайтарудан бас тарту жағдайы болды. Тұтынушыларға шамамен 2,3 млн теңге ақшалай қаражат қайтарылды.

      Алматы облысында ас үй гарнитурасын кәсіпкер сапасыз орындады, осыған қарамастан ол тұтынушыға ақшаны қайтарудан бас тартты. Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сотқа дейінгі талап қоюды жазуда құқықтық көмек көрсету арқылы тұрғынға 599,9 мың теңге қайтарылды

     Қарағанды облысының тұрғыны сапасыз ноутбук сатып алып, оны 14 күн ішінде қайтара алмады. Облыстық департамент зардап шеккен тұрғынға құқықтық көмек көрсетті, 389,9 мың теңге көлемінде ақшаны қайтаруға көмек көрсетті.

      Алматы қаласында, Қызылорда Түркістан, Маңғыстау Ақтөбе облыстарында тұтынушыларға сапасыз тауарлар сатылды. Жәбірленуші тұрғындар 14 күн ішінде сапасыз тауарларды қайтару және айырбастау мүмкіндігіне ие болмай, аумақтық департаменттерге құқықтық көмек сұрады. Аумақтық департаменттер құқықтық көмек көрсетті, тұтынушыларға 1,9 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды.

     Қарағандылық кір жуғыш машинаны сатып алып, сапасыз тауардың иесі болғанына өкінді. Қарағанды облысы бойынша сауда тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаменті сапасыз тауар сатқан дүкенге жүгіну арқылы құқықтық көмек көрсетті, нәтижесінде қарағандылыққа 205,0 мың теңге қайтарылды.

     Аталған өңірлерде департаменттердің көмегімен тұтынушылардың құқықтары 16 млн. теңгеге қорғалды. Сондай-ақ, әрбір тұтынушыға күн сайын кездесетін өзге де бұзушылықтар бойынша жұмыс жүргізілуде, олар бойынша ҚР СИМ аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости
Дата публикации: 20.11.2023
  • 1